Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жолаушысы бар автобус түгелімен жанып кетті

Семей-Алакөл бағытындағы автобус түгелімен жанып кетті. Салонда 12 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ШҚО ТЖД-не сілтеме жасап.

автобусОқиға Таскескен-Бақты тас жолына жақын аймақта бүгін таңертең болған. Lifan маркалы автобустың мотор бөлігінде бөлшектерінен өрт шыққан. Содан кейін дөңгелектеріне және кабинаның ішкі төсегіне жалын тарап кеткен. 

Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Басқа көлікке мінген.

орт  Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді. Жалын таңғы сағат 06:30-да толықтай сөндірілген. 

ШҚО ТЖД көлік жүргізушілеріне өздерімен бірге өрт сөндіргіш құралын алып жүруді және көлік құралғысын бақылап жүруді ескертті. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр