ШҚО-да жарылған құбырды жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Видеодан скрин
Шығыс Қазақстан облысында су құбырын жөндеп жатқан екі жұмысшыны топырақ басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай Үлкен Нарын ауылында болған. Кеше елді мекенде су құбыры жарылып, құбырды қалпына келтіру үшін қазу жұмысы жүргізілген. Сол мезетте коммуналдық кәсіпорынның 42 және 55 жастағы қос жұмысшысын опырылып түскен топырақ басып қалған. Оқыс оқиғадан екі жұмысшы да қаза тапты.
Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Қазір арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайын анықтауға кірісті. Ал облыс билігі қаза тапқандардың отбасына республикалық бюджеттен өтемақы төленетінін жеткізді.
"Мекемелер мен жауапты орган басшыларына тапсырма берілді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, оқиғаның салдары анықталады. Жауапты кісілер заң аясында жауапқа тартылады", – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мотоциклшінің кесірінен екі жұмысшы ажал құшқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік