Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылардың барлығына баспана берілмек

Шығыс Қазақстан облысындағы үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылардың барлығына баспана беріледі. Сонымен қатар қазір сәбилері балабақшаға тегін барып, сабаққа баратын оқушылары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі. Өскеменде дәл осы мәселелерге байланысты арнайы құрылған комиссия күні кеше кезекті отырысын өткізіп, жұмыстың кемшін тұстарын тағы бір мәрте пысықтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпан айында құрылған көмекті бақылау комиссиясының құрамында көпбалалы аналар да бар. Ендігі мектеп жасындағы балаларға форма, колледжде оқитын студенттерге білім тегін болады. Сонымен қатар ата-аналар балабақшаға да ақша төлемейді. Атаулы әлеуметтік көмекке де қол жеткізіпті.

«Қазір көп ата-ана алып жатыр. Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көп мәселе шешіліп жатыр», - дейді «Ақжүніс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анара Сүлейменова. 

Облыс бойынша көп балалы және жағдайы төмен отбасыларда барлығы 33 583 бала бар. Оның ішінде 8 626 баланың ата-анасы атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр. Сонымен қатар мектеп жасындағы оқушылардың формасына 626 млн теңге бөлінген. 

Ал облыста үй кезегінде тұрғаны көпбалалы отбасылардың саны – 1 258. Дәл қазір олардың ауылда тұрған 230 жанұясына баспана сатып алынуда. 

Талқылау