Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да медбикені зорлаған тұрғынға сот үкімі шығарылды

Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында шақырылған медбикені зорлаған азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

зорлаған

Сот үкімі шығарылған кезде медбикенің қызмет барысында болғандығы ескерілді. 

"Ер азаматқа ҚР ҚК-нің 120 бабы 2 тармағы "Кісі өлтіру қаупі бар зорлық әрекеті" бойынша үкім шығарылды. Жаза тағайындалған кезде кішкентай балалары бар медбикенің қызмет барысында болғандығы және ер азаматтың ішімдікке тойып алғандығы есепке алынды", - деп мәлімдеді аудандық соттың баспасөз-қызметі. 

Күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын тағайындалды. 

"Сот үкімі заңды күшіне енбеді. Егер айыпталушы тарап шағымданатын болса, үкім апелляциялық инстанцияда қаралады", - деп қосы баспасөз-қызметі. 

Бұған дейін ШҚО-да науқас шақыртумен үйіне келген медбикені зорлап тастағаны айтылған еді. 


 

Талқылау