Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да дәрігердің көлігі соққан мотоциклдің жолаушысы қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысында дәрігердің көлігі соққан мотоциклдің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Марқұмның жақындары адам өліміне себепші акушер дәрігердің қылмыстық істе куәгерге айналып кеткеніне ашулы. Дәрігердің өзі болса, жол көлік апатына қатысты кінәсі жоғын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп.

ШҚО

2018 жылдың 2 қыркүйегінде болған жағдай. Жол көлік оқиғасынан 53 жасында қайтыс болған Сансызбай Ақшалов. Төрт баланың әкесі. Жақындары адам қолынан өлді деп отыр. Бауырымды қаққан адам жазасыз қалама деп қорқамын дейді марқұмның жақыны Шекербану Ақшалова. 

"Көргендер бауырыңыз Баянбаеваның дөңгелегінде отыр деп айтты. Баянбаева келгенде: сен өзің дәрігер адамсың. Сол моментте өлді деп отырсың. Неге өлген адамды сүйреп дөңгелегіңе отырғызып қоясың деп айттым", - дейді Ақшалова. 

Бұл кісінің Баянбаева деп отырғаны марқұм Ақшалов отырған мотоциклді қаққан көлік рөліндегі адам. Белгілі болғандай ол Ақсуат аудандық ауруханасында акушер-гинеколог болып істейді. 

"Бауырым қайтыс болып, жылап еңіреп отырғанда 20 адаммен келді. Көзім күнмен шағылысып көрмей қалды деп айтты", - дейді Ақшалова. 

Жол көлік оқиғасына қатысты Гүлнәр Баянбаева өзін кінәлі санамайтынын айтады.

"Мен алға шығып келе жатқанда жолыма көлденең тұрып қалды. Қашатында жер болған жоқ. Мен тежегішті бастым, бірақ бәрібір соғылды", - дейді Баянбаева. 

Бұл іске қатысты күдікті ретінде мотоцикл рөлінде болған азамат танылған. Ал Шығыс Қазақстан облыстық соты ол жүргізушіні ақтаған. 

"Сот қаулысы бойынша ол кісіге шартты түрде жаза кесілді. ШҚО соты қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты ол кісіні ақтады", - дейді ШҚО сотының өкілі Елдос Жұмақанов. 

Осы қаулыдан соң іс қайта тексеріліуге жіберілуі керек еді дейді марқұмның жақындары. Бірақ ол шағымымызды құзырлы орган қабылдамады деп отыр. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-ның экс-әкімінің інісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Істің мән-жайы тексерістен кейін белгілі болады

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Бұған қоса жәрдемақы жарақат алғандарға да тағайындалған

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр