Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да бір көшеге көп балалы ананың атын берді

Шығыс Қазақстан облысы Прапорщиково ауылындағы Комсомольская көшесі көп балалы ананың құрметіне өзгертілді. Бұл туралы Ертіс ауылдық округінің әкімдігінде хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір көшеге Нұрғаным Құсайынованың есімі берілді.

"Жарымен бірге алты тамаша баланы дүниеге әкеліп өсірген көп балалы ана. Құсайыновтар отбасының барлық баласы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады", – деп түсіндірді Ертіс ауылдық округінің әкімдігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын еліміздегі ең ірі су қоймасының тайыздануы алаңдатып отырғаны хабарланған еді.

Бұқтырма су қоймасының тез таязданып бара жатқаны жұртты алаңдатып, Көпшілік Арал тағдыры қайталана ма деп қорықты. Сондай-ақ, жуырда су қоймасындағы белгісіз "қара сұйықтық" Өскемен тұрғындарын алаңдатқан. Жағдайға облыстың экология департаменті түсініктеме берді.


"Ұлымызбен мақтанамыз": Қызылордалық кәсіпкер Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына бір миллион теңге табыстады

Талқылау