БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да археологтар жер астынан бір қап алтын тауып алды

ШҚО-да зерттеу жүргізген археологтар бұрынғы ұрылар жасырған бір қап алтынды тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

ШҚО-да археологтар жер астынан бір қап алтын тауып алды

Тарбағатайдың "Алтын адам" қорымынан бір қап алтын табылды. Археологтардың айтуынша, қымбат тастан жасалған ондаған зергерлік бұйымдар бір қаптың ішіне салынған. Олардың ішінде мүйізі алтыннан жасалған арқар мүсіншелер де бар. Мамандар мұндай олжаның Еуразия аумағынан да табылмағанын айтады. 

ШҚО-да археологтар жер астынан бір қап алтын тауып алды

Олардың айтуынша, 8 мың жыл бұрын әлдекімдер алтынты ұрламақ болған, алайда неге екені белгісіз оны орнында қалдырған. Керісінше тас астына жасырған. Бірақ бұл болжам ғана. 

"Ежелгі ұрылар тері қапқа алтынды салып, тас астына жасырған. Біз өте қызықты айғақтар таптық. Бұл б.з.д. 8 ғасырдағы ата-бабамыздың өмір салтын көрсетеді", - дейді археолог Зайнолла Самашев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр