Кәсіпкер туған ауылында 11 үй салып, мұқтаждарға берді

Қарағандыда кәсіпкер көп балалы 11отбасыға үй сыйлады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында кәсіпкердің игі ісін оқырмандармен бөліскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көп балалы отбасы

"Мен белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұловқа телефон арқылы: Қарағанды облысындағы 11 көпбалалы отбасыға үй сыйлағаны үшін алғыс білдірдім. Шын мәнінде, азаматтың ұстанымы", - делінген мемлекет басшысының әлеуметтік желілерде жарияланған мақаласында.

"Астана Групп" президенті Нұрлан Смағұлов және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Ақадыр кенті, Шет ауданы, Қарағанды облысында тұратын көпбалалы отбасыларға үйдің кілтін табыстады. 11 тұрғын үй объектісі "Астана Моторс" ("Астана Групптың" еншілес ұйымы) өз қаражатынан сатып алған.

көп балалы отбасы

"Астана Моторс" компаниясы көмек көрсеткен отбасыларды таңдау кезінде жәрдемақы алатын және жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ көп балалы отбасылар басымдыққа ие болды. 

"Бұл жерде менің әкем өсіп, балалық шағын өткізді. Табысқа жеткен кез келген адам өз отанының қарызын қайтаруы тиіс. Мен бүгін өз туыстарыма көмектескеніме қуаныштымын. Біздің компания қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады, адамдарға көмектеседі. Бұл біздің тұжырымдама, біздің өмір салты және біздің философия, - деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Смағұлов.

көп балалы отбасы

Жалпы алаңы 100 шаршы метрден асатын барлық үйлер, шағын бақша және қажетті қосымша құрылыстар үшін меншікті жер учаскесі бар. Барлық үйлер толықтай жиһаздалған, бұл жанұяларға дайын тұрғын үйге кіріп, өз жинақтарынан абаттандыруға қаражат жұмсамай өмір сүруге мүмкіндік береді.

 

 

 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Димаш ішпейді әрі шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесін қорғады

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген
Çàãðóçêà...