AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің Қаратау ауданында эстетикалық муралдар салынды

Қаламызды көріктендіру мақсатында көпқабатты үйлердің қасбетіне айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінге дейін көпқабатты үйлердің қасбетінде тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар және қоғамның өзекті мәселелері суреттелсе, енді Қаратау ауданында эстетикалық көңіл-күй сыйлайтын муралдарды салу жұмысы қолға алынды.

мурал 2

"Нұрсәт" шағынауданындағы  көпқабатты үйлердің қабырғасына  салынған муралдар шаһардың ажарын ашып, жұртшылық назарын аударып отыр.

Тұрғындардың көңілінен шыққан дүниені аудан әкімдігі өзге де аумақтарға да салу көзделген. Қала көркін ашатын мұндай туындылар алдағы уақытта түрлі тақырыпта бейнеленеді.

мурал 1

Бүгінге дейін ауданның орталық көшелерінде салынған муралдар саны 15-ке жуықтаса, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  тағы 12 орынға сурет салу үшін қаладағы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс берілді.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, мұндай муралдар мәдени құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай қаланың ажарын ашады. 

Бұл жұмыстар кәсіби мамандар тарапынан атқарылуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр