Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік шенеуніктер құмар ойындарына 400 миллион теңге жұмсаған

Шымкентте құмар ойынына шенеуніктер құма ойнына 400 миллион салғанФото: freepik.com

Шымкентте 50 мемлекеттік қызметкер букмекерлік кеңселер мен құмар ойындарына 400 миллион теңгеден аса қаржы салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалалық прокуратураның тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдарда талдау жүргізді. 2024 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге кез келген құмар ойындарға, соның ішінде онлайн-бәс тігуге тыйым салатын заң күшіне енген болатын. Алайда Шымкенттегі 50 қызметкер бұл талапты елемеген.

"161 адамның Olimpbet онлайн платформасы арқылы бәс тіккені анықталды. Оның 50-і заң күшіне енгеннен кейін де бәс тіккен. Жалпы сомасы 443 миллион теңгені құрады", – деді Шымкент қалалық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Бегжан Құлатаев.



Прокуратура құқықтық қадағалау актісін енгізді. Ал мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерін тәртіптік комиссиялар қарап жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, интернет арқылы құмар ойындарға қатысу еңбек шартын бұзуға негіз бола алады. Бұл шешім құқықтық статистика органдарында тіркеліп, өзге де тәртіптік шараларға әкеп соғуы мүмкін.

“Прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Шымкенттегі мемлекеттік органдардың 161 қызметкері онлайн-ставкаларға 757 миллион теңге жұмсаған. Бұл сома мемлекеттік қызметкерлердің ресми табыстарымен салыстырғанда күмән туғызады”, –  деп жазады портал.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 20 Шілде, 2025 19:25
Талқылау