Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттік қыз әлемнің 20 жоғары оқу орнынан шақырту алған

Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Сымбат Кушерова әлемнің 20 жоғары оқу орнынан шақырту алған. Олардың қатарында Қанада, Франция, АҚШ, Корея және Швейцариядағы университеттер бар. Болашағын бизнес және экономика саласымен байланыстыруды жоспарлап отырған қыз әлі нақты шешім қабылдамапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НЗМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттік қыз әлемнің 20 жоғары оқу орнынан шақырту алған

Өз сөзінде Сымбат бала күнінде сәулетші болуды армандағанын айтты. Алайда 2016 жылы бұл арманы түбегейлі өзгерген. 

«Бірақ 2016 жылдың жазында бір ай бойы АҚШ-та «Робототехника және менеджмент» атты арнайы оқу курсына қатыстым. Дәл осы жерде экономика саласына деген қызығушылығымның бар екендігін түсіндім. Содан бері осы бағытта терең зерттеумен айналысып келемін. Негізі менің анам да экономист. Сол себепті де осы саланы таңдаған шығармын», - дейді ол. 

Зияткер студент – түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, «Алтын белгі» үміткері. Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылы «Үздік жыл оқушысы» атаныпты.

Сымбат шетелдік оқу орындарының шақыртуына жауап бермепті. Алайда Бостондағы Hult International Business School оқу орнын таңдасам деген жоспары бар екенін айтады. 

«Әрине, кез келген оқушы шет елде білім алсам деп армандайды. Мен де солардың бірі едім. Талпыныс пен зор еңбектің арқасында,міне, мақсатыма жетіп отырмын. Шетелдік оқытушылар ата-анама хабарласып, сүйінші жаңалықты жеткізді. Тіпті, Бостондағы ЖОО-ның ректоры әкеме хат жазып, өзінің өтінішін білдірді. Мәтінде мені шет мемлекетке оқуға жіберу туралы және әкемді үш қыздың әкесі ретінде түсінетіндігі жайлы жазды», - дейді Сымбат. 

Айта кетсек, таяуда 18-ге толған қыздың әкесі шетелдік ЖОО өкілдерімен өткен сұхбат барысында қызын өзге мемлекетке жібермеуі мүмкін екенін айтқан. Осыдан кейін Бостондағы ЖОО өкілдері оқу орны туралы толық ақпарат жолдапты. 

Сымбат үздік деп саналатын ЖОО сынағының SAT Reasoning кезеңінде 1600 ұпайдан 1580 жинапты. 

Сондай-ақ, Сымбат Кушерова Назарбаев университетінің NUFYP аталатын арнайы тестілеуінде жоғары ұпайды еншілеген. Ол аталған оқу орнының Direct Admission бағдарламасы бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр