Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің ішінен бір уыс құрт алып шықты

Шымкентте дәрігерлер айы-күні жақындаған ананың ішінен бір уыс құрт алып шықты. Эхинококк кистасының ұзындығы 19 сантиметрге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп. 

111

Дәрігерлер құртпен бірге құрсағынан салмағы бес келі болатын сәбиді жасанды жолмен алып шықты. Науқас шаранасына жиырма аптаға толған кезде жедел ауруханаға түскен. Дәрігерлер сол кезде ішінде паразиттің бар екенін анықтаған. Содан бастап, медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауына алынған.

"Операцияға кірер алдында бала-шағамның алдына бастысы аман-есен оралсам, ішімдегі баламды аман-есен қолыма алып оралсам, жанұяма оралсам деген арманмен жеттім. Бірақ та сәтті өтті екі сағатта, ешқандай ауырсыну болған жоқ, дәрігерлердің арқасында", - дейді Индира Абитаева. 

Дәрігерлер паразитарлық аурулар негізінен үйдегі ит-мысықтан, жеміс-жидек, көкөністі жумай жегеннен болатынын ескертеді. Ал оның залалы орасан көрінеді.

"Кистаны дер кезінде операция жасамаса ол өскен сайын бауырды қысады. Бауыр фиброзына, тіпті циррозға дейін әкелуі мүмкін. Екінші қаупі оның жарылуы. Жарылған кезде оның ішіндегі сұйықтықта мыңдаған, миллиондаған яйцоклеткалары болады, ол ішке тарап кетіп, ішкі органдардың бәрін зақымдауы мүмкін. Содан кейін көптеген кисталар өсе бастайды", - аурухананың бөлім меңгерушісі Сәбитхан Байтеміров.

Талқылау