Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттегі наразылық акциясы: Nur Otan партиясының туы жұлып алынды (видео)

Бүгін Шымкентте өткен наразылық акциясында тұрғындары Nur Otan партиясының филиалындағы туды жұлып алды. Партиядағылар мұндай әрекетке барған тұлғалардың үстінен шағымданбайтынын айтты.

Шымкенттегі наразылық акциясы: Nur Otan партиясының туы жұлып алынды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Nur Otan партиясының баспасөз қызметінің жетекшісі Максим Споткайдың сөзінше, туды жұлып алғандардың жауапқа тартылып-тартылмайтынын құқық қорғау органдары шешеді.

«Оны жауапты құқық қорғау органдары өзі шешсін. Бұл партияның жұмысы емес. Егер заң бұзылса, олар бұл жұмыспен өздері айналысады. Туды жұлуға қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ, біз ол жайлы естімедік», - дейді Споткай. 

 

Қазіргі уақытта Nur Otan партиясының филиалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

«Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалында бәрі дұрыс. Бағана жиырма шақты бұзақы жігіт келіп, осы жерде заңсыз әрекеттер жасаған. Олармен сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп, талап-арызын тыңдағаннан кейін,  олар басқа органдарға шағымданамыз деп кетіп қалды. Ғимаратта қазір бұзақылық, қирату, ондай ештеңе жоқ», - дейді партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Айта кетсек, маусымның 27-сі күні, шамамен сағат 11 кезінде Арыс тұрғындары Шымкенттегі "Бекжан" базары мен "Ақмешіт" мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін аталған мешітті уақытша паналап жатқан болатын. 

Шымкент қалалық әкімдігінің шенеунігі наразы халықты мешітке қарай шақырғанымен, жұрт оған бағынудан бас тартты. Әкімнің келуін күтетінін, үй мен жер беруін сұрайтынын жан-жақтан айтты. Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарының талаптарына жауап берді.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды