Шымкенттегі атысқа қатысты тың деректер шықты
Шымкентте ер адамның қару-жарақ дүкеніне жасаған шабуылы туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімет берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"1973 жылы туған Өзбекстан азаматы дүкенге аңшы мылтығын аламын деген сылтаумен кіріп, содан кейін дүкен қызметкерін қорқытып, "Сайга" маркалы тапаншасын сөреден алып беруге мәжбүрлеген. Дабыл бойынша келген күзет агенттігі қызметкерлерінің бригадасын байқаған ер адам кесілген шолақ мылтықтан олардың бағытына оқ атқан, содан кейін атыс басталған", - делінген хабарламада.
Оқыс оқиғадан соң күзетшілердің бірі қолынан жарақат алып, саусағынан айырылды. Екінші күзетшінің оқ өтпейтін жилетіне оқ тиген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген