Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы ауыратынын айтып шағымданды: Шымкенттегі 5-сынып оқушысының өлімі жайлы жақындары айтып берді

Шымкенттегі бесінші сынып оқушысының өлімінің себебі әлі де белгісіз. Бір күн бұрын оның үйде ауырып қалғаны белгілі болды.  Қыздың басы қатты ауырып, құса бастаған. Алайда жақындары жай ғана уланған деп ойлаған. 

Шымкенттегі 5-сынып оқушысының жұмбақ өлімінің алын ала себептері белгілі болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтыс болған қыздың ағасы анасы мен мектеп мұғалімдерін кінәлайды. Бесінші сынып оқушысы Майя Андрееваның жұмбақ өлімі тұрғындарды алаңдатты. 10 желтоқсанда қыз өз пәтерінде қайтыс болды. Бұл күні анасы қасында болды. Жақын адамдар Майя бас ауруына шағымданды дейді. Ол бірнеше рет құсып ауырған. Десе де жақындары жедел жәрдем шақырмапты.

"Майя 2 рет құсып, ұйықтап кетті, қайта оянбады. Біз оны тамақ ішуге шақырғанымызда, ол өлі күйде болды. Осыдан кейін ғана туыстары жедел жәрдем шақырды. Бірақ дәрігерлер тек өлім туралы хабарлады", - деді отбасының жақын досы Надежда Рузметова. 

Майя өткен аптадан бері ауырып жүргені белгілі. Оған жақын адамдар суық тиді деп ойлады. Қайтыс болған қыздың ағасының сөзіне қарағанда, сарапшылар тексеруден кейін туыстарына жасөспірімнің өліміне менингит себеп болуы мүмкін деп айтқан.


Тағы оқыңыз


"Ол мектепте құсып, басы ауырған. Мұғалімдер мұны неге байқамады? Неліктен балаларды оқытатын білімді ересектер мұны байқамады. Анасын да кінәлау керек. Мен дауласпаймын. Неге анасы баласын қадағаламады?!", - деді ол.

Майя өз үйінің жанындағы мектепте оқыған. Телефонмен сөйлескен мектеп директоры 9 желтоқсанда қыз сынып жетекшісіне тек қатты басы ауырып тұрғанын ғана айтқан. Бірақ дәл сол кезде мұғалім Майяны үйіне дейін шығарып салған.

"Келесі күні, 10 желтоқсанда Майя мектепке келмеді. Әжесі сенбіден бері қыздың жағдайы нашар екенін айтты. Яғни сенбіде өзін жаман сезінген. Сенбіде олар оқымайды. Сондықтан сенбі, жексенбіде қыз да, бүкіл отбасы суық тиді деп ойлаған", - деді мектеп директоры Айна Сарымсақова. 

Қыз көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі қайтыс болған. Анасы жеті баланы жалғыз тәрбиелеп өсірді. Майя мектепте жақсы оқыды. Мұғалімдер оның белсенді оқушы болғанын айтады. Бүкіл лицей Майяның отбасына көмектесуге шешім қабылдады.

Осыдан бірнеше сағат бұрын сарапшылар туыстарына бесінші сынып оқушысының өлімінің себептері туралы анықтама берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, қызда қан ұйыған, нәтижесінде миында қан кету болған. Бірақ нақты нәтижелер бір ай ішінде белгілі болады. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Талқылау