Шымкентте жер сілкінісі болды
Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы СОМЭ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.
Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 19.02-де тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай Қазақстан аумағында 628 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,7. Магнитудасы MPV 5,4. Эпицентр координаттары - солтүстік ендік 42,72° және шығыс бойлық 69,24°. Тереңдігі - 5 км. Шымкенттегі жер сілкінісі 2-3 баллдық болған", – делінген хабарламада.
Жер сілкінісі Тараз қаласында да – 2 балл және Темірлан ауылында – 3 балл (Түркістан мен Шымкент арасындағы елді мекен) болған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген