Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жарылыс болды: Оқиғаның видеосы тарады (видео)

Шымкентте жарылыс болып, салдарынан бір адам зардап шекті. Желіде жарылыстың видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Белгілі болғандай, өрт сағат 11:03-те Тассай ықшамауданында болған. Қалалық әкімдік мәліметінше, жарылыс қатеріне байланысты қоңырау бойынша құтқарушылар мен техникалар жіберілген. Өрт сөндірушілер сағат 11:20-да оқиға орнына жетіпті.

«Анықталғандай, «МУРАЗ» компаниясының автогаз толтыру станциясының аумағында газды сақтауға арналған екі бос цистерна болған. Олардың әрқайсының сыйымдылығы 200 куб метрді құрайды. Солардың біреуі өртке оранған. Газ қоспасының қалдығы тұтаныпты. Екіншісі салқындатылып тұр. Сонымен қатар станция аумағында сыйымдылығы 7 куб метр болатын екі автоцистерна және 50 куб метр болатын екі автоцистерна жарылған», - дейді қалалық ТЖД-дағылар. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

 

ТЖД мәліметіне сүйенсек, оқиға салдарынан 1999 жылғы бір адам зардап шеккен. Ол аталған нысанның қызметкері болып табылады. 

Өрт сағат 12:21-де ауыздықталды. Өрт сөндіруге 21 техника мен 90 адам жұмылдырылды. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!
 

Талқылау