Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте пиццерияда қайтыс болған оқушы қызға байланысты іс кейінге шегерілді

Шымкентте пиццерияда жұмыс істеп жүрген кезінде қайтыс болған 15 жастағы оқушы қызға байланысты іс қайта кейінге шегерілді. Ол демалыс уақытында пәкістандық азаматтың қол астында жұмыс істеген болатын деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақару Құралбай

Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты төрағасы Алпысбай Нәлібаевтың айтуынша, іске аудармашы қажет болған екен. Іс қайта шегерілген соң қылмыстық іс жүргізу заңнамасын елеулі түрде бұзған тарап прокурорға қайтарылған.

“Қалалық соттың шешімімен біздің шешіміміз күшінде қалды. Енді бұл істі қалалық сот прокурорға жібереді. Кінәлі тарап Пәкістанның тұрғыны болғандықтан, оған орысша аударуға тура келді. Ол тіпті орысша әрең сөйлейді", –  деді Нәлібаев.

Еске салсақ, Шымкентте 9-сынып оқушысы Ақару Құралбай демалыс уақытында жылдам тамақтану желілік кафесіне жұмысқа орналасып, онда кассир болып жұмыс істеген. Кейін бір уақытта еденді де жуып жүріп бірнеше күннен кейін қаза тапқаны туралы ақпарат шықты.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 14 Ақпан, 2023 12:08
Талқылау