Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласқан

Шымкентте оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Шымкентте оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласқан

Шымкентте мектептер арасында төбелес болып, түскі бір жарым шамасында оқушылар атысқан. 20-30 бала әуелі бір-біріне тас атып, артынша пышақ қолданып, оқ та атқан. Шолақ мылтық ұстаған жасөспірімдер осылайша қаланың берекесін кетірген. 

"20-30 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады", - дейді куәгерлер. 

Пышақталған оқушының №65 мектеп-гимназияның 11- сыныбында оқитыны белгілі болды. Ол қолынан жарақат алған. Оқиға орнына полицейлер келгенімен, мұғалімдер балаларға шаң жуытпаған. Олардың айтуынша төбелескендерді ажыратпақ болған бала өзі зардап шегіп, ал оқиғаның негізгі себепкерлері тәртіп сақшыларын көріп қашып кеткен. Төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.

Талқылау