Шымкентте оқушы қыздар жекеменшік мекемеде заңсыз тұрып келген
Шымкентте кәмелет жасына толмаған 40-қа жуық мектеп жасындағы қыздар ата-ананың қарауынсыз жеке мекемеде заңсыз тұрып келген. Заңбұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com
Кооперативті қор 28 отбасының қызын ата-анасының барына қарамастан қамқорлыққа алды. Кейбір оқушының жекеменшік мекемеде тұрып жатқанына үш жылға жуық уақыт болса. Енді бірі үш айдан бері осы мекемені паналап жүр.
“Қор әділет органдарында ресми тіркелген, бірақ балалар мен жасөспірімдерді оқытуға құқығы болмаған. Қазір оның қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды”, – дейді мамандар.
Шымкент қалалық білім бөлімінің бөлім басшысы Нұрдәулет Абылаевтың айтуынша, бұл жағдай туралы мекеме басшылығы білген.
“Заң бұзушылықты анықтаған соң директор мен әкімшілікті қатаң жауапқа тарттық. Тәрбие және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ақпаратты жасырғаны үшін сынып жетекшілері жауапкершілікке тартылды”, – дейді Нұрдәулет Абылаев.
Заң бұзушылық анықталған соң, қайырымдылық қорында тұратын 33 қыз уақытша оқшаулау және бейімдеу үшін қала орталығына жіберілді. Олардың барлығы №24 мектепте білім алған. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары оқушылардың отбасымен бірге тұрмайтынын білгенімен, құзырлы органдарға хабар бермеген. Қазір балаларын қараусыз қалдырған ата-аналардың да, шара қолданбаған мұғалімдердің де жауапкершілігі қарастырылып жатыр.
Бұған дейін желіде мұғалімді жағадан алып ұрған әйелдің видеосы тараған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік