AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте миллиондарға салынған вело және жаяу жүргіншілер жолы жарамсыз болып қалды

Шымкентте бюджеттің миллиондары жұмсалған вело және жаяу жүргіншілер жолы жарты жылға жетпей жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

 

Шымкенттің жаңа әуежайына баратын жол бойындағы вело жолақта велосипед тебу түгілі, жаяу жүрудің өзі қауіпті. Көп жері көтеріліп, төселген асфальт жарылып жатыр.

Жол құрылысы басталған кезде осы маңдағы шағын ауданға кәріз жүйесін тартқан құрылыс компаниясы жерді нығыздамай, "жол салуға болады" деген зертхана қорытындысын берген. Соның салдарынан төрт жарым шақырым вело және жаяулар жолағы бос топырақтың үстіне төселген. Көктемгі жауын-шашында жер езіліп, 700 метр жол жарамсыз күйге түскен.

Қирап қалған жол кәріз жүйесін тартқан мекеме есебінен мамыр айына дейін қалпына келтірілуге тиіс.

“Қазір барлық құлап кеткен жерлерін көтеріп жатыр. Қайта көтереді, қайта нығыздап салады. Өз есебінен. "Энсаф" компаниясы. Берекенің бұл жерде ешқандай жауапкершілігі жоқ, барлық жауапкершілік "Энсаф" компаниясының мойнында”, – дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр