БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпқабатты үйдің лифтінде әйелді қатыгездікпен өлтірген: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің лифтінде сол үйдің 5-қабатында тұратын әйелді қатыгездікпен өлтіріп кеткен. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 11 мамырда сағат 17:00 шамасында орын алған. Жұмысынан қайтып келе жатқан әйелдің қолында сөмке болған. Оның ішінде алтын бұйымдар мен қомақты қаржы болған болуы мүмкін. Күдікті онымен бірге лифтіге кіріп, сөмкесін тартып алмақ болыпты. Алайда әйел қарсылық танытып, нәтижесінде күдікті орны бірнеше рет пышақтап тастаған. Әйел алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

Мұнан кейін күдікті сөмкені алып, таксиге отырып, оқиға орнынан із суытады. Анықталғандай, ол жолай үш рет такси ауыстырған. Осылайша, ізін жасырмақ болыпты. 

Күдікті сөмкеден ақшаны алып, артынша айғақ заттан құтылмақ болып, сырттағы қоқыс жәшігіне тастаған. Ол сол жерде бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. 

Күдіктінің анықтауға сөмкеде қалған ұялы телефон көмектесті. Асыққан ер адам сөмкеден ұялы телефонды таба алмапты. Ұялы байланыс операторының сигналы бойынша құрылғының қайд екені анықталды. 

Полиция қоқыс жәшігіне келіп, сол жердегі бейнебақылау камерасындағы видеожазбаны алды. Сол бойынша таксистер анықталып, артынша қылмысты жасаған адам табылды.

Полиция 48 жастағы күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін сотты болған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр