Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауын тоқтатуды сұрады

Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауын тоқтатуды сұрап отыр. Шенеуніктер бұған дейін нан бағасын бір қалыпта ұстауды уәде еткен еді. Алайда бұл мүмкін болмады ма, әйтеуір бір бөлке нанның бағасы 60 теңгеден 80 теңгеге қымбаттаған. Әсіресе, жалғызбасты аналар бағаның өсуі қиын тигенін айтады.

Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауын тоқтатуды сұрады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Алты баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Карима Қайдарбекова ас атасының үйдегі негізгі тамақ екенін айтады. Сондықтан нан бағасының қымбаттауы қалтаға салмақ түсіреді дейді.

«Шайға бір отырғанда 3-4 таба нан желінеді. Бір күнде 12 нан сатып аламын. Кейде ұн сатып алып, нанды өзім пісіремін. Кей дүкендерде нан бағасы 85 теңгеге дейін қымбаттап кетті», - дейді көпбалалы ана. 

Наубайшылардың сөзінше, нанның қымбаттауы ұн бағасының өсуіне байланысты. Жазда 50 келі ұнды 5 200 теңгеге сатып алса, қазан айында бағасы 6 200 теңгеге жетіпті. 

Өз кезегінде әкімдіктегілер нан бағасын бір қалыпта ұстау мәселесімен айналысып жатқандарын айтты.

«Нан бағасының негізсіз өсуін тоқтату үшін, қалалық әкімдік жұмыс тобын құрды. Олар күн сайын сауда нүктелерін бақылайды. Нан бағасының 75 теңгеге жеткен кездері болды. Мұны төмендету үшін, Шымкент қаласының ауыл шаруашылық басқармасы бірінші сұрыпты ұнды сатып алу жұмыстарын жүргізуде», - дейді қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков. 

Әкімдік ұн сатып алу үшін 300 миллион теңге ақша бөлген. Нан бағасы өспеу үшін, оны наубайханаларға тарату жоспарлануда. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды
Çàãðóçêà...