Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қызмет кезінде белгісіз ер адам пышақтап кеткен полицейдің жағдайы белгілі болды

Шымкентте қызмет кезінде белгісіз ер адам пышақтап кеткен 35 жастағы полицейдің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Рolisia.kz 

Ресми хабарламада 1989 жылы туған ер адамға жалпы анестезиямен операция жасалғаны айтылған.

“Оған операциядан кейінгі диагноз қойылды. Зақымдануы бар аймақта белдің медиальды көлденең бұлшықеттері кесілген. Сыртқы қан кету болған”, – делінген хабарламада.


  • Ақмола облысында жігіт қылмыстық жауаптан құтылу үшін әскерге барған


Қазір дәрігерлер науқастың жалпы жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ол хирургиялық бөлімге жатқызылмақ.

Еске салсақ, Шымкентте белгісіз ер адам полицейді пышақтап кеткені туралы хабарлаған едік. 

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 02 Қыркүйек, 2024 15:48