Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көршілері дезинфекция жасаған соң бір отбасы уланып қалды

Шымкентте көршілерінің зиянкестермен күреспек болған әрекетінен кейін тұтас бір отбасы уланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Коронавирустан көз жұмған әйелдің үйін толықтай залалсыздандырады

Қала тұрғыны хабарласып, көршілері тұрғындарға ескертпестен қандаладан құтылмақ болғанын айтты. Сол күні тұрғын полиция мен СЭС-ке хабарласқанымен, жауап болмаған.

Әйелдің айтуынша, төменгі қабаттағы көршілері пәтерлерін дезинфекциялай бастаған, бірақ ешкімді ескертпеген. Соның салдарынан балалар ауырып қалды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оған улану деген диагноз қойған.

"Бізге ешкім ескертпеді, өзімізді жаман сезіндік, өткір иіс шықты. Мен оларға жүгіндім, олар қауіпті емес деді. Олар байланысқа шықпайды, бәрі заң бойынша деп айтады. Ал кеше тағы да дезинфекция жасайтынын білдім, тағы уланатынымыз белгілі болды", – дейді үй тұрғыны.

Әйел полицияға арыз жазғанын, СЭС-ке хабарласқанын, бірақ дәрігерлерден басқа ешкім келмеді деп сендіреді.

Кейін СЭС журналистерге дезинфекцияның қауіптілік дәрежесін анықтау үшін лаборанттар тобы оқиға орнына жіберілгенін түсіндірді.

"Әрбір дезинфекциялаушы рұқсат алып, содан кейін тұрғындарды ескертуі керек, содан кейін ғана жұмысты жүргізуге болады", –  деді СЭС өкілі Тамара Алдабергенова.

Еске салайық, жақында Шымкентте дезинфекциядан кейін ер адам қайтыс болды.

Талқылау