Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ақталып шыққан трансплантолог қайтадан емхананы басқаратын болды

Абылай Донбай адам ағзаларын заңсыз трансплантациялау туралы атышулы іс бойынша ұсталған еді. Ақталып шыққан дәрігер емхананы қайта басқарады.

Бір жыл темір тордың ар жағында отырған Абылай Донбай Шымкентке оралды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Сот жас дәрігерді ақтағаннан кейін ол өз жұмысын бастады. Абылай Донбай қайтадан Шымкенттегі алғашқы емханалардың бас дәрігері болды.

Донбай журналистермен сұхбаттасуға келісіп, өзінің жасыратын ештеңесі жоқ екенін айтты.

"Мен бастапқыда кінәлі болмадым және айғақтарымды өзгерткен жоқпын. Барлық "заңсыз" операциялар шындыққа сәйкес келмейді. Бұл іске қатысы барларға келетін болсақ, мен ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы, мені босатты, енді адамдарға көмектесіп, отбасыммен бірге бола аламын", - деді Донбай.

Белгілі болғандай, Абылай Донбай бұған дейін ұжыммен кездесіп, жұмысқа кіріскен. Жас дәрігер бүйрек және бауыр трансплантациясы бойынша ең күрделі операцияларды жасайды.

"Мен құдіреті шексіз Құдайға және мен үшін алаңдаған барлық адамдарға ризамын. Мен жұмыс енді жасаймын және адамдарды емдеймін. Біздің жоспарларымызда көп нәрсе бар, біз бауыр трансплантациясы бойынша жұмыс жасағымыз келеді. Мұндай операцияларды жасайтын Қазақстанда екі-ақ дәрігер бар", - дейді Абылай Донбай.

Тікелей эфир кезінде Абылай Донбай өзінің тәлімгері Мәди Биғалиев туралы айтты.

"Ол өз ісінің шебері болды, ол әр дәрігерге білгенін үйреткен ең жақсы тәлімгер болды. Біз оны әрдайым есімізде сақтаймыз", - деді Донбай.

Айта кетейік, Шымкент ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын заңсыз трансплантациялау күдігімен ұсталғанын хабарлаған едік. Нұр-Сұлтан соты адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігерлерді кінәсіз деп тапты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр