Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы науқасқа ренжіп, сотқа шағым түсірді
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков науқастың әлеуметтік желідегі пікіріне ренжіп, сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: otyrar.kz
Шенеуніктің айтуынша, науқастардың бірі әлеуметтік желіге қалалық ауруханалардың біріндегі медициналық қызметтердің сапасыздығы туралы шағым жазған. Жазба авторы қаланың бас дәрігерін ақша үшін тәртіпсіздікке көз жұма қарайды деп айыптаған.
Нұрлыбек Асылбеков бұл факті расталмағанын, сондықтан ол құқық қорғау органдарына шағым түсіргенін айтты.
"Сапалы медициналық қызмет көрсетпейді деп жала жапты. Сотқа бердім. Себебі мен мемлекеттік қызметкермін. Міне, сондықтан шағым түсірдім", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген