Шымкент қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды
Шымкент қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы анықталды.
"Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындаған. Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды" - деп жазды Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
