Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шамалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Алматы облысында теміржолда болған ірі жол апатында бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz сайты хабарлайды.

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: құрбан болғандар бар

"Алдын ала ақпарат бойынша ол - автобус жүргізушісі. Пойыз машинисінің тұлғасы анықталды. Қазір сот алдындағы тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары әлі нақтылануда", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінде. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыс әкімдігінде ЖКО кезінде екі адам көз жұмып, тоғыз адамның жарақаттанғаны туралы хабарланған еді. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқиға бойынша арнайы штаб құрылды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай 15 қыркүйекте, "Екатеринбург-Алматы" теміржолының 2449 шақырымында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Олардың екеуі - бала, біреуі - әйел адам. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

Талқылау