БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыға салып нокаутқа жіберді: Қанат Ислам доминикандық қарсыласын жеңді (видео)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам доминикандық қарсыласы Хулио де Хесусті жекпе-жектің бірінші раундының 10-секундында нокаутқа жіберді. Ол орта салмақ дәрежесінде WBO Inter-Continental белдігінің иесі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шыға салып нокаутқа жіберді: Қанат Ислам доминикандық қарсыласын жеңді (видео)

Жекпе-жек Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті.

Қанат Ислам жекпе-жекті белсенділікпен бастап, қарсыласына қорғаныс амалдары мен шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді деуге болады. Ол алғашқы раундтың 10-секундында-ақ қарсыласын сұлатып түсірді. 

Айта кетсек, жекпе-жек жалпы саны 14-секундқа созылды.

 

Бұл Қанат Исламның 26-ншы жеңісі. Ал 27  жеңіске жеткен доминикандық боксшы екінші рет жеңіліс тауып отыр. 


Қанат Ислам мемлекеттік марапатқа ие болды >>>
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр