Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шетелдікпен бірге құры": Қара нәсілдіге тұрмысқа шыққан қазақ қызы жұрттың ашуын келтірді

Қара нәсілдіге тұрмысқа шығып жатқан қазақ қызының видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі оқырмандары қазақ қызын жерден алып, жерге салуда деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

қазақ қызы

Кадрда жас жұбайлардың АХАЖ қызметкерлерінің алдында некелерін қиып, бір-бірінің саусақтарына сақина кигізіп жатыр. Одан басқа екі ғашықтың қуаныштарын бөлісуге шетелден күйеу жігіттің туыстары да келген екен.

Өз кезегінде желі қолданушылары шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызына ашуланды. Олар «Қазақ қыздары ақша үшін араб, қара нәсілдіге тұрмысқа шығып жатыр», «Бұл жерде мәселе ақшада, махаббат жоқ», «Анасының ақ сүтін былғады», «Қыздарымызды шетелдіктер пайлануда» деген пікірлерді толассыз жазуда.

Талқылау