Шетелдік ұйымның басқаруына өтіп кеткен: Бас прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруды көздеп отыр
Бас прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал тергеу жұмыстары Jusan Bank-тің жұмысына кедергі келтірмейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура тексеріс нәтижесінде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының "Pioneer Capital Invest" ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың (бұдан әрі – "Jusan" тобы) активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы арыз бойынша азаматтық іс қозғағанын мәлімдеді.
Ақшаны жымқыру және шетелге шығару деректерін анықтау үшін банк секторына талдау жұмыстары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған сәттен басталған.
“Талдау барысында "Jusan" тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталды. Аталған схеманы жүзеге асыру нәтижесінде топтың қызметін бақылау құзіреті шетелде тіркелген ұйымдарға өтеусіз берілген. Атап айтқанда, 2020 жылғы 27 сәуірде Jusan тобының иесі "Pioneer Capital Invest" ЖШС-ның қатысушыларының жалпы жиналысында Pioneer мүлкін шетелде тіркелген Jusan Technologies Ltd компаниясының жарғылық капиталына беруді мақұлдау туралы шешім қабылданған”, –делінген Бас прокуратура хабарламасында.
- Тоқаев Францияға Қазақстаннан заңсыз әкетілген мүлікті тәркілеуге рұқсат беретін заңға қол қойды
- Қазақстанда кімдер өзін банкрот деп жариялай алады
Осындай әрекеттер салдарынан қоғам мүддесіне, соның ішінде "Назарбаев Университеті" мен "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" ондаған мың қазақстандық студенттері мен оқушыларының мүдделеріне қауіп төнген. Өйткені бұл оқу орындары "Jusan" тобының акциялары, облигациялары мен депозиттері бойынша дивидендтері есебінен қаржыландырылып келген.
“Бұдан бөлек, 2023 жылғы 3 ақпанда Бас прокуратураға бірқатар субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан "Жусан" тобы шетелдік мемлекеттер азаматтарының бақылауына өтіп кету фактілері бойынша прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау туралы "Назарбаев қорының" арызы келіп түсті. Осылайша, прокуратура органдарының мақсаты тек әділеттілікті қалпына келтіріп, "Jusan" тобының активтерін басқаруды Қазақстанның құзырына қайтару болып табылады”, – деп қосты ведомство өкілдері.
Аталған талап арыз Jusan Bank-тің жұмысына қатысты емес, яғни оның қазіргі қызметіне, сондай-ақ банктің клиенттері мен іскерлік серіктестіктерімен өзара іс-қимылына шектеу қоймайды. Істің сотта қаралуы Jusan Bankтің жұмысына әсер етпейді, ол қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырады.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?