Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шешім қабылданып қойған": Бас прокурордың орынбасары Мәнізоров ісіне түсініктеме берді

"Шағым қарша бораса да, шешім біреу", - дейді атышулы Мәнізоров ісіне қатысты Бас прокурордың орынбасары. Ал, қылмыстық іс қозғау туралы өтініші екі мәрте кейін қайтарылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мұнымен тоқтар емес. Бас прокуратураның қолдауына ие болған Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін заңсыз жалғастырып жатыр, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

манзоров

Бағдат Мәнізоров бүгін тіпті Сенатта төбе көрсетті. Мәнізоровтың маңайындағы алып-қашпа әңгіменің толастайтын түрі жоқ. Басына үйірілген қара бұлттан соң қарша бораған ақпараттан қажыды ма, әлде әліптің артын бағып жүр ме, әйтеуір Алматы облысы әкімінің орынбасары тілшілермен тілдесуге құлықсыз.

- Асығыспын, жақсы, сау болыңыздар.  

- Бір-екі ауыз айтсаңыз?

- Айтпаймын, заң жүзінде айтамын. Сау болыңыздар!

Айта кетейік, Бас прокуратура Мәнізоровқа тағылған айыпты негізсіз деп тапса да, екі бірдей тиісті орган әзірге бір шешімге келе алмай отыр. Себебі, бұған дейін жемқорлыққа қарсы агенттіктің қылмыстық іс қозғау туралы өтініші екі мәрте кейін қайтарылған болатын.

"Агенттік қанша жерден шағымданса да, шешім қабылданып қойған. Өз құқықтары бар. Қылмыстық процестің кез келген қатысушысы шағым бере алады. Бұл қалыпты жұмыс. Әр қатысушы қанша бергісі келсе, сонша шағымдана алады. Ешқандай прецедент жоқ. Шешім қабылданып қойған", - дейді Марат Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Бағдат Мәнізоров ірі көлемдегі алаяқтықпен айыпталып, қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейін Бас прокуратура 57 жастағы шенеунікке қатысты істе «қылмыстық құрам жоқ» деп, оны ақтап шықты. Десе де, шағымданудан шаршамаған жемқорлыққа қарсы агенттік күні кеше соңына дейін күресетінін айтты. Демек Мәнізоров ісіне  нүкте қойылды деуге әлі ертерек секілді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады
Çàãðóçêà...