Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстанстанда әншілерге биліктің рұқсатынсыз ән айтуға тыйым салынды

Шешенстанда әншілерге шектеу қойылды. Олар биліктің рұқсатымен ғана өнер көрсететін болды. 

 Шешенстанстанда әншілерге биліктің рұқсатынсыз ән айтуға тыйым салынды

Елдің мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы елдегі "Грозный" арнасынан көрсетті. 

Мәдениет министрі жұмыс бөлмесінде отырып поп-әншілердің өнерін YouTube арнасынан тамашалаған. Министрге Аюб Вахараговтың әні ұнамай қалды. Әннің мәні, қайырмасы жоқ деп сынады. 

Бұдан былай әнші болғысы келетіндер биліктің рұқсат еткен әнін ғана шырқайды деген талап қойды. Биліктің мақұлдаған репертуары болу керек.

Шешенстан президенті Рамазан Қадыровтың бұйрығымен мәдениет министрлігі жанынан комиссия құрылды. Ол әншілердің әнін тексеріп, рұқсат берілгенде халыққа әнін айтып, концерт қоя алады. 

Талқылау