Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерхан Қалмұрзаны дәл осындай сәтте қолдау керек – Сабина Алтынбекова

Сабина Алтынбекова и Шерхан ҚалмұрзаФото: Сабина Алтынбекова және Шерхан Қалмұрзаның желідегі парақшасынан

Қазақстанның танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қатысты өз пікірін білдірді. Соңғы уақытта спортшыға бағытталған сындарға байланысты Сабина оның намысын қорғап, қолдау сөзін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшының пікірінше, Шерханға айтылып жатқан "әлі ештеңеге қол жеткізген жоқ", "ерекше ойынымен көзге түспеді" деген сындар орынсыз.

"Дәл осындай сәтте қолдау көрсетудің орнына сын айтатындар көп. Назар аударма. Ештеңе де бекер болмайды, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Еңбек, мінез және жинақылық – бастысы осы", – деп жазды Сабина Алтынбекова өзінің Instagram парақшасында.

Сабинаның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында кең талқыланып, көпшілік оның пікірін қолдап жатыр.

Айта кетейік, жуырда Сабина Алтынбекова 2025-2026 жылдары аралығында өз мансабын отандық клубтың сапында жалғастыратынын хабарлаған еді.


"Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға берілді


"Ұлымды шамадан тыс әспеттемеуді сұраймын": "Қайрат" қақпашысы Шерханның анасы желідегілердің назарына ілінді


Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында пенальтиді қайтарып,турнир тарихына енгені туралы жазған едік.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 05 Қазан, 2025 12:23
Талқылау