Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шереметьеводағы ұшақ өрті: Жанып кеткен ұшақ салонының кадрлары жарияланды (видео)

Ресейдің Тергеу комитетінің YouTube-тегі арнасында Мәскеудегі Шереметьево әуежайында өртке оранған SSJ – 100 ұшағының салонының кадрлары жарияланды. Өрттен 41 адам мерт болған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео кадрларынан құтқарушылар мен тергеу комитетінің қызметкерлерінің жұмысын көруге болады. Олар әуе кемесінің салонында және жанып кеткен фюзеляжінің жанында жұмыс істеп жатыр. 

Сонымен қатар видео кадрларынан ұшақ салонындағы креслолардың төңкеріліп қалғаны және қаптауышы жанып кеткені көрінеді. 

 

Оқиға орнына Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин келген. 

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр