Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Шенеуніктер келмеді": Елордада өртенген жатақхананың тұрғындары көмек сұрауда

Елордада бірер күн бұрын өртке оранған жатақхананың тұрғындары көмек сұрап отыр. Өрт болған ғимаратта әлі де су мен жарық жоқ. Сонымен қатар кәріз жүйесі де істен шығыпты. Ал тұрғындар төтенше жағдайдан кейін шенеуніктердің жатақханаға келмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Өрттен кейін шенеуніктер келмеген: Елордада өртенген жатақхананың тұрғындары көмек сұрап отыр

«Бөлмеде сымдардың тұйықталуы болған дейді. Менде жылытқыш жоқ. Тек тоңазытқыш қосулы тұрған. Бәрі өртеніп кетті. Қазір туыстарымның үйінде тұрып жатырмын. Әкімдік жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесетінін айтқан. Алайда ешкім келген жоқ. Бәрі сол қалпында тұр», - дейді тұрғын Гүлназия Беспаева.

Тұрғындардың сөзінше, өрттен кейін жатақханада тұру мүмкін емес. Түтіннің иісі кетер емес, дейді. Сонымен қатар өрт салдарынан кәріз құбырып еріп кеткен. Ендігі кәріз жүйесі істен шыққандықтан, сасық иіс жайлап барады. 

Ал әкімдіктегілер тұрғындардың күте тұруына тура келетінін айтады. Қазіргі уақытта мамандар шығын көлемін есептеп жатыр. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін демеушілер іздестірілуде.  Билік жатақхананың біраз бөлгіні ғана қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Артынша ғимаратты қайта бағаламақ. Наурыз айында бағалау нәтижесі ғимараттың 49 пайызға тозғанын көрсеткен.  Ал ол апатты деп танылуы үшін бұл көрсеткіш 60 пайыздан асуы тиіс.

«Қазір тұрғындарға көмек көрсететін демеушілерді іздеп жатырмыз. Олардың қаржысына өрттің салдарын жоямыз. Пәтер иелері кооперативіне де тиісті тапсырмаларды бердік», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Байқоңыр ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Рүстем Әбдірашев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр