Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды
Шемонаихадағы жарылыста зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды. Олардың денесін 100% дерлік күйік шалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті, бірақ құтқара алмады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске сала кетсек, 22 маусымда Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха қаласында газгольдер жарылып, бес адам зардап шеккен еді.
"22 маусымда Шемонаихадағы Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді