Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы хабарламасы бойынша сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды.
“Д.қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін бір ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 22 наурызға дейін ұзартуға санкция берілді", – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінде шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталғаны туралы хабарланды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген