Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде көтерілді

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (16-0) жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алдыңғы қатарға көтерілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Шавкат

Қазақстандық өз рейтингін бір позицияға жақсартты. Ол қазір Висенте Лукемен бірге тоғызыншы қатарда тұр.

Бұл дивизиондағы рейтингтің көшбасшысы Камару Усман, Колби Конгтон екінші орында, Хамзат Чимаев үшінші орында. Осыдан біраз уақыт бұрын Рахмонов Чимаевпен хат жазысқан. Екеуінің болжамды жекпе-жегі UFC-дегі ең тартысты ойын болуы мүмкін. Бұл тізімде Рахмоновтың ең тартысты қарсыласы Джефф Нил жетінші орында.

Рахмонов пен Нил Лас-Вегастағы UFC 285 турнирі аясында жұдырықтасады. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 5 наурызда өтпек.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 16:01