Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақытын таңдады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақытын таңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шавкат Рахмонов

Асу Алмабаевтың сөзінше, Шавкат қазір октагонға қайта шығу үшін дайындығын бастап кеткен. Бұған дейін Рахмонов 31 жастағы америкалық Келвин Гастелумды жекпе-жекке шақырған еді. 

"Шавкат кім берсе, сол адаммен төбелесе беретін адам. Ешкімнің бетін қайтармайды, қарсылас таңдамайды. Жиын кезінде көп жаттықтығып, кеше ғана қайтты. Ол тамызда немесе тамыздың соңында жекпе-жек өткізгісі келеді. Жиынға бекер қатысып жатқан жоқ, салмақ қосып жатын. Егер салмақ қосса, бір нәрсеге дайындалып жатыр деген сөз. Дайындық басталғанда менеджерлер жұмыс істейді, лига да жұмыс істейді. Ал қарсылас табылады", – деді Алмабаев IGORKAKDELA YouTube-арнасына берген сұхбатында. 

Талқылау