Шавкат Рахмонов UFC -дегі келесі қазақтың есімін атады
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-ге келесі болып қай қазақ спортшының қосылуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, DarTeam командасындағы әріптесі Асу Алмабаев (17-2) алдағы уақытта ең танымал промоушенмен келіссөз жасасуы мүмкін. Қазір Асудың Brave FC промоушеніндегі келісімшарт мерзімі аяқталған. Қазір ол Шавкатпен бірге АҚШ-та жаттығып жүр.
Шавкат сұрақтарға жауап беру кезінде Асуды UFC-ге қосқысы келетінін айтты.
"Ол өзі де қалайды. Дәл қазір Brave FC-мен келісімшарты аяқталды. Әлі күтіп жүр. Егер мүмкіндік болса, кез келген уақытта шығып кете алады", – деді ол Octagon TV YouTube-арнасына берген сұхбатында.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

