Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шатырына дейін қар жауған: Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары далаға шығудан қалды

Шығыс Қазақстан облысында жауған қар бір үйді шатырына дейін басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yk-news.kz порталына сілтеме жасап. 

снег до крыши

29 қаңтар күні жауған қар мен боран шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтыра түскен. 

Шемонаих аудандық орталығының тұрғыны ауа райы салдарынан жергілікті халық қандай күй кешіп жатқандығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

"Міне, біздің жағдайымыз осы: далада жол тұрмақ, үйдің шатыры көрінбейді", - дейді бейнежазбаның авторы.

Сөзінше, ол үйден сыртқа шығудан қалыпты. Бұған қоса тұрғын жақын арада боран басыла қоймайды-ау деп налыды. 

28 қаңтар күні ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше тас жолдары жабылған. Сонымен қатар Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланған. 

Синоптиктер, Шығыс Қазақстанда 29 қаңтарда тағы қар жауатынын айтып отыр. Оған қоса тоқтаусыз соққан жел әлі басылмайтын көрінеді. 


 

Талқылау