Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаштараздарды бір-бірінің шашын тақырлауға мәжбүрлеген: Елордалық азаматқа айыппұл салынды

Елордада ерлерге арналған шаштаразда үш жұмысшыны шашын тақырлауға мәжбүрлеген ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

Сот баспасөз қызметінің өкілінің мәліметінше, ер адам аталған дерек пен жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайын жоққа шығармаған. Ол кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізген.

«Құқық қорғау органдары ер адамның әрекетін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес саралады. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соттың үкімімен 12 625 теңге көлемінде айыппұл жазасына тартылды», - делінеді хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде шаштараз жұмысшылары кезек-кезек бір-бірінің шашын алдырып тастағаны түсірілген видео пайда болды. Видео авторының пайымдауынша, жігіттер ұлының шашын дұрыс емес қырқып тастағаннан кейін осылай жасауға мәжбүрлеген.

Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді

Талқылау