Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашың мен сақалыңды жібересің": Ринат Малцагов жас кезіндегі сән туралы айтып берді

Ринат Малцагов жас кезіндегі сән туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ринат Малцагов жас кезін есіне алып, қандай киім сәнде болғанын айтып берді. Ол уақыттары стиль жағынан Дима Билан бәрімізге үлгі еді деп күлді өнер иесі. Бүгінде орда бұзар жасқа келген әнші Дима Биланды үлгі тұту тым ұят дейді.

"Дима Билан ол кезде сән болатын. Мына жақтан шаш пен сақалды жібересің. Нешетүрлі жейделер киіп жүреміз. Енді жасымыз отызға келді. Біртүрлі болатын сияқты. Дима Билан сияқты жүрсек ұят болады", - дейді Ринат Малцагов.

Алайда, Ринат Малцагов өмір мен өнерде мүлдем басқа адамдарды ұлгі тұтады. Әнші кумирлері туралы айтып, ағынан жарылды. 

"Негізгі кумирім - анам. Шығармашылықта Мейрамбек ағамызды үлгі тұртамын. Ол кісінің өнері мен шығармашылығы қатты ұнайды. Ғалымжан Молданазарды  да дарынды әнші, музыкант деп есептеймін", - дейді әнші.

Талқылау