"Шашымнан жұлқылап, басымнан тепті": Павлодар облысында белгісіз біреу жас қызды соққыға жыққан

Екібастұз қаласында 24 жастағы қызға белгісіз ер адам тап берген. Роза Назарованың сөзінше, оқиға кезінде ол жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан екен. Оқиғаның мән-жайын жәбірленушінің өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

«Шашымнан жұлқылап, басымнан тепті»: Павлодар облысында белгісіз біреу жас қызды соққыға жыққан

Сурет: Tengrinews.kz

Роза Назарованың сөзінше, ол бокспен айналысады екен. Сондықтан бейтаныс ер адамға қарымтасын бере алар ма едім, дейді. Алайда ер адам бірден оны ұрып жыққан. Айтуынша, бастапқыда ер адам онымен сөйлеспек болған. Алайда қыз бас тартқаннан кейін, ол жағынан ұрып, артынша шашынан жұлқылап, жерге құлатып, басынан бірнеше рет теуіп жіберген. 

«Сол жерде мойнымнан алқамды шешіп, қолымнан телефонымды жұлып алып, оны таптай бастады», - дейді Назарова. 

Сонымен қатар ер адам оның сөмкесін тартып алмақ болған. Алайда ойын іске асыра алмапты. Мұнан кейін ол қаша жөнелгенде, Роза денесінің ауырғанына қарамастан артынан қуған. 

Осы кезде бір топ жігіт ерні жыртылған қызды байқап, олар да ер адамды қуа жөнеліп, ұстап алыпты. Ер адам өзін бір түрлі ұстап, сол жердегілерге тап берген. Назарованың ойынша, ол есірткілік заттың әсерінде болған. 

Ұсталған ер адам қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін ұрлық үшін сотталған екен.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...