БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бантик тағуды армандаймын": Шашы жоқ Балнұр жұрттан көмек сұрады

Бір жасында шашы түгел түсіп қалған Балнұрдың анасы қызын арнайы мекемеге орналастыра алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап.

Балнұрдың анасы Гүлнұр Қазанбаева 18 жасында тұрмысқа шыққан. 1,5 айдан кейін қыздың әкесі қыз зорлады деген айыппен сотталып кеткен. Артынша әйел төркініне қайтқан. Жүктілігі қалыпты өтіп, Балнұр аман-есен өмірге келіп, кәдуілгі балалармен қатар өседі. Алайда, бір жастан асқаннан кейін кішкентай қыздың біраз шашы түсіп, өспей қалады. Мұны көрген анасы жан-жақтан көмек сұраған. Такси жүргізушісінің ұсынған емдік дәрісін қолданғаннан кейін, Балнұрдың шашы мүлдем шықпай қалған көрінеді.

"Менің мектепке барғым келеді. Шашым өссе мектепке барамын. Апайларға көмектес десем, көмектеспей жатыр. Тыңдамайды мені. Шашқа тағатын әдемі нәрсе алып берген анам. Ол түсіп қала береді. Анам мектепке апарды. Бірақ қуып жіберді", - дейді Балнұр.

Балнұрды метепке апарғанымен, қыздың жағдайын көрген мектеп директоры жарамсыз деп, қабылдамаған. Сонымен қатар, анасы Балнұр біртүрлі әрекеттер жасайды деп қорқып отыр. 

"Екінші ұлым бір жасқа толмай тұрған кезінде Балнұрдың бойында біртүрлі қылықтар пайда бола бастады. Дүкенге шығып кеткенде ұлым жылайтын болуы керек. Балнұр ұрып, аузын қанатып, мен көрмесін деп соска салып қояды екен. Бір келгенімде ұлымды қылқындырып жатқанын көрдім. Өзіме де тап берген кездері болды.Түннің ортасында мен ұйқтап қалған соң көшеге шығып, машиналарға жол бермей қойғаны да бар", - дейді Гүлнұр Қазанбаева.

Мамандардың айтуынша Балнұрда туа біткен олигофрения яғни сана-сезімі кеш дамиды. Бұл ауруды емдеу мүмкін емес. Оны тек қалыпты ұстап тұратын терапия керек. Шашының өспеуіне бұл аурудың байланысы жоқ. Бұл жағдайда денесінің кейбір тұстары істемей қалуы мүмкін. Алайда, анасы белгісіз нәрселерді баланың басына жаққандықтан бәрі қосылып Балнұрдың денсаулығына кері әсер еткен.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр