Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаршап кеттім": Сиви Махмұди ірі жол апатынан кейін тойға шықты (видео)

Жақында жол апатына түскен Сиви Махмұди тойға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шаршап кеттім

Танымал өнер иесі осыдан біраз уақыт бұрын өз көлігімен ұзату тойынан кейін жол апатына түсіп, дансаулығына зақым келген. Ол біраз уақыт ауруханада жатып, кейін үйіне шығарылды.

Осы оқиғадан кейін Сиви Махмұди алғаш рет тойға шығып, тағы бір аруды ұзатқан. Соған қарағанда өнер иесінің қазіргі жағдайы әлде қайда дұрысталып қалған сияқты.

"Бүгін жайлап тойға шықтым. Үйде екі апта жатып, шаршап кеттім. Ақмарал есімді аруды ұзаттым. Бақытты бол! Көз тимесін деп бір тәте қып-қызыл қылып маңдайымнан сүйіп кетті", - дейді Сиви Махмұди. 

Осылайша, өнер иесі үйде жатып жалыққанын айтып ақталған. Ал әншінің амандығын көрген жұрт қуанып қалды. Олар жарыса пікір жазып, тілектерін жаудырды. 

"Тіл-көзден аман жүріңіз", "Ауырмаңыз, денсаулығыңыз мықты болсын", "Бала-шағаңның қызығын көруді жазсын", "Дұрыс үйде ауырдым деп жата беруге болмайды", "Жарайсың, өзіңді күт", - десті жұрт. 

Талқылау