Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шапалақпен ұрайын деп жатыр": Ерсі әрекет жасаған Ернар Айдарды жұрт сынап тастады (видео)

Ерсі әрекет жасаған Ернар Айдар жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі парақшаларының бірінде челлендж жасап, бөтелкенің қақпағын тепкен Ернар Айдар жұрттың сынына қалды. Бір тепкеннен бөтелкенің қақпағын түсіре алмаған ол бірнеше рет қайталап көріп жатып, қақпақты жерге зорға түсірген. Жұрт өнер иесінің әрбір қылығына сын айтқан.

"Сен өлең айтып жүре берші, теппей-ақ қойшы", "Мен бөтелкені шапалақпен ұрайын деп жатыр екен десем", "Аяқпен теуіп, сосын ішеді ме", "Қатардан қалған - қотыр", "Астынан біреу ұстап тұрғаны білініп қалды", "Түрің Ван Дам болып кетті ғой", "Не қызық, ауызға салатын, ішетін ырысыңды аяқпен теуіп ашып, қадірін кетірсең", - десті жұрт.

Алайда, пікір қалдырғандардың ішінде әншіні қолдап шыққандар да табыла кетті. Олар әншінің бұл қылығын ерсі деп бағаламаған. Олар керісінше жақсы сөздер жазып, онда тұрған ештеңе жоқ екенін айтты.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оңай емес екен😀 #bottlecapchallenge #EAJ #Е_А

Публикация от Ернар Айдар (@ernaraidar_kz)

"Жарайсың, жігіт сегіз қырлы бір сырлы болуы керек!", "Қазақтың жігіттері кімнен кем, жарайсың!", "Киноға түссеңіз болады", "Ой бәрекелді, жарайсың, алтын жігіт Ернар! Намысты қолдан бермедің!" - деп жазды олар.
 

Талқылау