Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шамадан тыс көп жаттығулар оның денсаулығына әсер етуі мүмкін": АҚШ журналисі Геннадий Головкин жайлы сөз қозғады

Америкалық FightNights.com сайтының журналисі Райан О’Хара Геннадий Головкиннің шамадан тыс уақытын жаттығуға бөлуі оның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылы танымал боксшы өзінің жаттықтырушысын ауыстырған көрінеді. Ол Абель Санчестың орнына Джонатон Бэнкстың қол астында жаттығуды ұйғарыпты. Десек те, Геннадийдің жаттығатын жері сол қалпында қалыпты. Калифорнияның Биг Бэар алаңы боксшының көңілінен шыққан сияқты. 

«37-дегі Головкинға оның жасы кедергі келтіретін жағдайлардың жалғызы емес. GGG Биг Бэарда жаттығудан өтуде. Бұл жерге спортшылар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Ал боксшының жасын ескерсек, жаттығулардың жиілігі оның денсаулығына әсер етпей қоймайды. Мысалы, бұлшық ет массасын жоғалту, қанның қоюлануы, сәйкесінше, жүрек жұмысының қиындауына алып келеді», - деп жазды американдық журналист.


Бұған қоса О’Хара әйгілі боксшы тренер ауыстырған соң оның жылдамдығының баяулағандығын айтқан. Бұрын-соңды өзінің мықты қорғанысымен көзге түспеген Головкиннің ендігәрі Стив Роллс сынды бокшылардың соққысын жіберіп алып жүргендігі ескерілді. 
 

Талқылау